Осы парақ сіздерге арналған. Сіздер Қазақстан Республикасы бойынша ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар және өндірістерде бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала отырып, олармен байланысу мүмкіндіктерін, өзіңізді оларға таныту мен түйіндемеңізді жіберу мәліметтерімен таныса аласыздар.
Сондай-ақ, Сіздер электронды пошта арқылы бізге хат жібере отырып, өздеріңіздің жеке өміріңіз бен кәсіби қызметіңіздегі жаңалықтармен, сондай-ақ достарыңызға, әріптестеріңізге, университет оқытушы-профессорлар құрамына айтқыңыз келетін басқа да жаңалықтармен бөлісе аласыз. Бұл ретте өзіңіздің аты-жөніңізді, мамандығыңызды, оқуды бітірген жылыңыз бен хабарламаның өзін көрсетіңіз. Осындай ақпарат біздің ақпараттық таратуларда «Түлектер» бөлігіне енгізілетін болады.
Б.6 Түлектерді бақылау / мониторинг жүйесі бар ма?
Кадрларды даярлау бағыты бойынша түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалау мен мониторинг жасауды Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы жүзеге асырады, нәтижелері университет сайтында жарияланады ais.ayu.edu.kz/kk/kariyer/detay/tulekter/486.
Университет кадрларды даярлау бағыты бөлінісінде бакалавриат түлектерінің бітіру жылы ішінде жұмыспен қамтамасыз етілуі қолданыстағы білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогика және медицина саласындағы білім беру бағдарламаларын бітірген, ауыл жастары қатарынан шыққан университет түлектері, кемінде үш жыл ауылды елді-мекенде, ауылдық округте орналасқан тиісті білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау ұйымдарында жұмысты өтеуге міндетті. Осы бағыттағы білім беру бағдарламаларын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде аяқтаған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, университет түлектері білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.
Басқа бағыттар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған университет түлектері кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысты өтеуге міндетті.
Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде оқуын бітіруші түлектер - жас мамандарды және (немесе) философия докторларын (PhD) жұмыс орындарына бөлу немесе өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру мақсатында университетте комиссия құрылады. Комиссия жұмысын бір жыл мерзімде атқарады және «Қаржы орталығы» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын бітіруші білім алушыларына жұмыспен өтеу міндеті туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жыл сайын «Қаржы орталығы» АҚ-ның менеджерлерінің қатысуымен ұйымдастырылады. Сонымен бірге мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын бітіруші білім алушылардың мәліметтері «Қаржы орталығы» АҚ-ның автоматтандырылған базасына оқуын бітірмей тұрып және оқуын бітіргеннен кейін шыққан бұйрықтары мен талап етілген растаушы құжаттарына сәйкес енгізіледі. Әр оқу жылында жұмыс беруші мекемелермен тығыз байланыс орналатылып, бітіруші курс білім алушылары enbek.kz, https://hr.nobd.edu.kz/#/public/vacancy сайттарына тіркеліп, түйіндемелері (резюме) орналастырылады.
Жыл сайын аймақтық және республикалық деңгейдегі Бос жұмыс орындар жәрмеңкелеріне түлектердің қатысуына мүмкіндік жасалады.
Бітірген түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалау үшін түлектер және кадр даярлаушы кафедралармен тығыз байланыс негізінде жұмысқа орналасқан, оқуын жалғастырған, әскери қызметтегі, бала күтіміндегі және жергілікті мекен-жайы бойынша Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтамалары жинақталады, нәтижелеріне Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығында талдау мен мониторинг жүргізіледі.
2022 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші (12 айдан кейінгі)


2023 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші (12 айдағы)


Түлектердің Сауалнама нәтижесінің факультеттер бойынша салыстырмалы диаграммасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
2023 және 2024 жылғы түлектердің жұмысқа орналасуының салыстырмалы көрсеткіші
№ | Білім беру бағдарламасының деңгейі | 2023 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу көрсекіші, % | 2024 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу көрсекіші, % |
Бакалавриат | 79,1 % | 80,8 % | |
Интернатура | 90,7 % | 80,4 % | |
Магистратура | 91,1 % | 100 % | |
Резидентура | 100 % | 95 % | |
Докторантура | 100 % | 100 % | |
Университет бойынша | 83,7% | 83,9% | |

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
2024 және 2025 жылғы түлектердің жұмысқа орналасуының салыстырмалы көрсеткіші
№ | Білім беру бағдарламасының деңгейі | 2024 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу көрсекіші, % | 2025 жылғы түлектердің 4 айда жұмысқа орналасу көрсекіші, % |
Бакалавриат | 80,8 % | 56,2 % | |
Интернатура | 80,4 % | 58,5 % | |
Магистратура | 100 % | 70 % | |
Резидентура | 95 % | 80 % | |
Докторантура | 100 % | 100 % | |
Университет бойынша | 83,9% | 59,7% | |