Университетіміздің түлектері 'Болашақ' бағдарламасы бойынша шетелдік университеттерде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
01.04.2024
01.04.2024
Университетіміздің түлектері «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік университеттерде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
Х.ғ.к, профессор, Экология және химия кафедрасының меңгерушісі Нұрділлаева Раушан АҚШ, Калифорния штаты, Беркли қаласындағы Лоуренс Беркли Ұлттық Лабораториясында,Тарих кафедрасының доценті, т.ғ.к., Жораева Гүлжамал Түркия Республикасы, Анталья қаласындағы «Akdeniz» университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Түлектеріміздің зейіндері ашылып, үлкен тәжірибемен қара шаңырағымызға аман-есен оралуларына тілектестік білдіреміз!
Сәттілік серігіңіз болсын, университет мақтаныштары!