Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірушіге хабарлама

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарының оқуын бітіргеннен кейін жұмысын өтеу жөніндегі міндетіне енгізілген өзгерістер

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

-Презентация ЖЖОКБҰ үшін

-"Қаржы орталығы" АҚ студенттерге және түлектерге 1414-тен хабарлама таратуда!

1414-тен хабарлама

1414-тен 2012-2024 жылдар аралығында оқыған барлық Жас мамандарға СМС жолдауда (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және доктор философия санаттары бойынша). 

Мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен түлектерге 1414 «электрондық үкімет» порталының бірыңғай байланыс орталығынан дербес деректерді (жұмыс берушінің БСН, жұмысқа орналасу мерзімі) алу туралы сұрау салу SMS-хабарламасы «Қаржы орталығы» АҚ тарапынан 2012-2024 жылдар аралығында оқыған барлық Жас мамандарға жіберілуде.

Ескерту: SMS Мобильді азаматтар базасы (МАБ) сервисінде тіркелген номерге келіп түседі және 15 минут ішінде жауап қабылдайды.

Сұрауға жауап ретінде SMS  хабарламаны алушы тұлға дербес деректерді ұсынуға 511 (келісім) немесе 512 (бас тарту) мәтіні бар SMS жіберуі тиіс.

•          511 (келісім). Студент немесе түлек келісім берілген жағдайда  «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды ұсынудан босатылады. 

•          512 (бас тарту). Студент немесе түлек келісім бермеген жағдайда  «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды алты ай сайын үш жыл бойы ұсыну қажет. 

Бұл жаңашылдық «Қаржы орталығы» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін табысты интеграциялаудың нәтижесі болып отыр. 

SMS-хабарламаны жіберу барлық абоненттер үшін тегін.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (800) 080-28-28 (Call-центр)

 

 

SMS-рассылка от 1414

Студентам и выпускникам ВУЗ-ов обучающимся на основе госзаказа, с единого контакт-центра портала «электронного правительства» 1414 направляются  SMS-рассылки о запросе получения персональных данных (БИН работодателя, дата трудоустройства).

В ответ на запрос получатель SMS-рассылки должен отправить SMS с текстом 511 (согласие) или 512 (отказ) на представление персональных данных.

•          511 (согласие). Выпускникам и студентам не нужно предоставлять в адрес АО «Финансовый центр» подтверждающие документы об отработке. 

•          512 (отказ). Выпускники и студенты будут обязаны предоставлять в адрес АО «Финансовый центр» подтверждающие документы об отработке каждые шесть месяцев в течение трех лет.

Данное нововведение результат успешной интеграции информационных систем АО «Финансовый центр» и Министерства труда и социальной защиты населения РК.

 

НА ДАННОЕ СООБЩЕНИЕ НЕОБХОДИМО ОТВЕТИТЬ В ТЕЧЕНИЕ 15 МИНУТ с момента поступления SMSSMS направляется на ваши ИИН поступает на номер который зарегистрирован в Базе мобильных граждан (БМГ).

 

Отправка SMS является бесплатной для всех абонентов.

По дополнительным вопросам: 8 (800) 080-28-28 (Call-центр)